Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласындағы аритмологиялық клиниканың жұмысымен танысты
Күні:
2025 жылғы 25 желтоқсан
Мәтін:
Президент өңірдегі жүрек ырғағы бұзылыстарын радиожиіліктік және криоабляция әдістерімен операциялық жолмен емдеуге маманданған бірегей медициналық мекемемен танысты.
Мемлекет басшысына клиника кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектің толық спектрін, соның ішінде жоғары технологиялық операцияларды көрсететіні туралы баяндалды.
Мекеме бір ауысымда 150 адам қабылдауға қауқарлы және 47 төсек-орынға арналған стационары бар.
Жалпы инвестиция көлемі шамамен 2,5 млрд теңгені құрайды.
